Тілдер апталығының үшінші күні 21 қыркүйекте сыныптан тыс үш тілде шара ұйымдастырылды. Бұл шарада оқушылар топпен сайысқа түсіп, өз білімдерін сынға салды. Барша оқушылар белсенділік танытып, соңында керемет сыйлықтармен марапатталды. Содан кейін А. С. Пушкин атындағы музейге экскурсияға аттанды. Музей тарихымен танысып, қызықты мәліметтерге байып келді.

Жылдағы дәстүрге сай мектепте тілдер апталығы өткізіліп жатыр.  Арнайы жоспарлары құрылып, жоспар бойынша барлық іс -шаралар жүріп жатыр. Апталықтың ашылуына орай салтанатты саптық жиын өтті. 9-11 сынып  оқушылары арасында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Апталықтың екінші күні 20 қыркүйекте М.Горький кітапханасына экскурсия өтті. Кітапхана қызметкерлері балаларға әртүрлі қызықты тренингтер өткізіп, Абай мұраларымен таныстырды.
 
Апталықтың екінші күні дегеннің алдына  мектеп дәлізінде “Ұлттың ұлы ұстазы” атты кітап көрмесі қойылды.

Орал қаласы білім беру бөлімінің «Кешкі мектепбінің» кітапханасының 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес, Кешкі мектеп кітапханасында   2022 жылдың 22 қыркүйек күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық «Әдеби Ақжайық» жобасы бойынша жерлес ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевке 85 жыл толуына орай мектепшілік поэзиялық марафоны өтті. Байқау қорытындысы нәтижесінде 1 орын - 11 сынып оқушысы Наурызов Алихан, 2 орын - 11 сынып оқушысы Бердғалиева Дильназ, 3 орын - 10 сынып оқушысы Мамышев Георгий ие болып, 9 сынып оқушысы Ахансериева Сабина Мадақтама парағымен  марапатталды.

"Бір ел бір кітап" акциясы аясында 2022 жылдың 10 тамыз күні Кешкі мектебінің кітапханашысының ұйымдастыруымен Ғабдолла Тоқай саябағында шағын көрме өтті. Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, елім деп болашаққа жол ашып кеткен Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл толуына орай арналған көрме. Көрмеге Орал қаласының тұрғындары қатысты. Көрмеде Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен ғылыми және әдеби шығармашылығы туралы ақпараттар берілді.

Кешкі мектеп ағымдағы жылдың 10 тамыз күні қазақ халқының ұлы ақыны,  қара сөздің хас  шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын  қалаған  алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған шағын көрме ұйымдастырды.

 

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жыл "Балалар жылы" деп жариялағаны белгілі. Соған орай Кешкі мектеп ағымдағы жылдың 15 тамыз күні "Балаларға базарлық" атты көрме ұйымдастырылды.  Оқушылар осы көрмені жыл көлемінде тамашалап, өздерін қызықтырған кітаптарын алып оқи алады.

Кешкі мектеп 2022 жылдың 17 тамыз күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында балалар әдебиетінің бәйтерегі, көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің І тарауы бойынша"20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз" акциясы ұйымдастырылды.11 сынып оқушысы Бердигалиева Дильназ повестің І тарауын оқып, эссе жазып ұсынды.