«БЕКІТІЛДІ»
                 Орал қаласы әкімдігінің
2017ж. _______№_______
қаулысымен

 

 

 

 

 

 

ЖАРҒЫ

Орал қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің
«Кешкі (ауысымды) орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

ОРАЛ  
2017 ж.

 


БӨЛІМДЕРІ


1.Жалпы ережелер
2.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні және мақсаты
4.Білім беру үрдісінің мақсаты, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізімі
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі
6.Білім беру үрдісін ұйымдастыру
7.Білім алушылардың білімдерін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау жүйесі, оларды өткізу түрлері мен тәртібі
8.Ақылы білім беру қызметін ұсыну тізімі және тәртібі
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен қатынасын рәсімдеу және регламенттеу тәртібі
10. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
12.Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
13. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
14.Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
15. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі

 

 

 

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.


1. Орал қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «Кешкі (ауысымды) орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - КММ) коммерциялық емес ұйым, заңды тұлғалық статусы бар, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жүзеге асыру үшін заңды түрде құрылған мекеме. Мемлекеттік заңды тұлғалардың түрі - коммуналдық мемлекеттік мекеме.
Мектеп коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады, жеке балансы, Батыс Қазақстан қазыналық басқармасында есеп айыру шоты бар.
2. КММ өзіндік мөрі, штампы, бланкісі, маңдайша жазуы бар.
3.КММ Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы________№____ Қаулысымен құрылды.
4.КММ құрылтайшысы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімдігі болып табылады. 
5.Орал қаласының білім беру бөлімі білім беру саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы:
Мемлекеттік тілде: Орал қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Кешкі (ауысымды) орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Вечерняя (сменная) средняя  общеобразовательная школа» отдела образования акимата города Уральска.
7. Мектептің заңды мекен-жайы: Индексі: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ғабдолла Тоқай көшесі 22.

 

2. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ.


8. КММ мемлекеттік тіркелген кезден бастап заңды тұлғаның құқықтарына ие болып және құрылған болып есептеледі.
9. КММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі, бланкілері болады.
10. КММ басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
11. КММ өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
12.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

 

3. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ
МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ.


13.Мекеме қызметінің мәні – жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, негізгі орта, жалпы орта білім беруді жүзеге асыру.
Мектеп қызметінің мақсаты-жалпы білім беру, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын сондай-ақ, оқушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мектеп келесі міндеттерді іске асырады:
1) кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениеті жоғары интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру;
2) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде оқушылардың өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту;
3) шығармашылық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау;
4) жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығын арттыру.
14.КММ бағыты: көпсалалы бағытта
Мектептің негізгі қызметі - жалпы білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған орта білім беру жүйесі екі сатыдан тұрады: негізгі орта білім беру (7-9 сыныптар), жалпы орта білім беру немесе бейінді оқыту (10-11(12) сыныптар).
15. Мекеме қызметі:
- оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту;
-ата-аналарға педагогика, жалпы және жас ерекшелік психологиясы, білім беру және отбасы психологиясы мәселелері бойынша кеңес беру;
- жаңа білім беру бағдарламасын жасау, сынақтан өткізу және енгізу;
-оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, мәдени бұқаралық шаралар өткізу;
-ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды ұйымдастырып өткізу, оқушыларға медициналық қызмет көрсету
16.  КММ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес халықаралық қызмет жүргізу құқына ие.

 

4. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ МАҚСАТЫ, ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ


17. Білім беру үрдісінің мақсаты: Кешкі (ауысымды) мектеп Қазақстан Республикасы азаматтарына, жұмыс істейтін және жұмыссыз шетел азаматтарына (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде) негізгі орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік береді.
- оқушыларға базалық жалпы орта (толық) білім беру;
- әрбір баланың қабілетін және шығармашылық мүмкіндігін ашу;
- әрбір оқушыға жеке басының қабілеті мен талабын ескере отырып, білім беру;
- өз бетімен білімін толықтыруға және өзін-өзі дамытуға қажетті жағдай туғызу;
- оқушының жеке басының жан-жақты дамуына жағдай туғызу (ақыл-ой,  адамгершілік гуманитарлық, эмоционалдық, физикалық) оқытудың жеке бағдарламаларымен оқуға ауыстыруды қоса алғанда, оқушының тұлғалық қалыптасуына жағдай туғызу;
18. Білім беру бағдарламаларының типі және түрлері:
Кешкі мектеп негізгі орта және жалпы орта білім беру сондай-ақ, қосымша білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып жалпы білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
Білім беру оқу бағдарламалары мазмұны мен бағытына (тағайындалуына) қарай бөлінеді: жалпы білім беретін (типтік, жұмыс); кәсіби (типтік, жұмыс); қосымша.
Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес дайындалады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін  қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз  жасауға бағытталған.
Кешкі мектепте және күндізгі жалпы білім беретін мектептер жанындағы кешкі бөлімдерінде білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 пен 18 аралығында 20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-15 білім алушы) және сырттай жеке оқу тобы (сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады. Ерекше жағдайларда және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асырылуы мүмкін. Оқытудың барлық нысандары бір білім беру ұйымының шеңберінде жүзеге асырылады. Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша - 34 апта, сырттай оқу нысанында 36 аптаны құрайды. Оқушыларды аттестаттау күндізгі оқу нысанында тоқсан бойынша, сырттай оқу нысанында – жарты жылдықтар бойынша жүзеге асырылады. Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі оқу нысаны бойынша «Қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілі», «Орыс тілінде емес мектептерде орыс тілі»,«Қазақ тілінде емес мектептерде қазақ әдебиеті», «Орыс тілінде емес мектептерде орыс әдебиеті», «Шетел тілі», «Информатиканы» кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі. Мектепте білім беру үрдісін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі. Кешкі мектептің оқу жоспарында тек негізгі пәндерді сағат санын қысқарта отырып оқыту қарастырылған. Технология, бейнелеу, дене тәрбиесі сабақтары оқытылмайды. Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге асырылады. Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзмін таңдауда дербес.
Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді
Біріктірілген білім беру оқу бағдарламалары білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісілген білім беру ұйымдарымен дайындалады.
Білім беру ұйымы берілген лицензияға байланысты барлық білім  бағдарламасын жүзеге асыруға құқылы, бірақ Қазақстан Республикасының  заңнамасында қарастырылмаған оқу бағдарламасын жүзеге асыруға тиісті   емес

 

ІІ саты – 7-9 сыныптар


Стандартты және негізгі орта білім берудің арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын пайдалану
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. Арнаулы жалпы білім беру оқу бағдарламалары жалпы білім беру бағдарламалары негізінде әзірленеді және олар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен дамытуға бағытталған, сондай-ақ, онда психологиялық медициналық-педагогикалық консультациялар ұсынбаларының есепке алынуымен айқындалатын білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескеріледі.


ІІІ саты – 10-11 сыныптар


Жалпы орта білім берудің стандартты жалпы білім беретін бағдарламаларын пайдалану.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың  бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
19. Қажетті қаражат пен жағдайлар болған жағдайда жергілікті басқару органдарының шешімі бойынша кешкі мектептер жанынан оқу-кеңес беру пункттері, толықтығы аз (1-ден 8-ге дейін білім алушы) сырттай оқу сыныптары немесе топтары ашылады.
Кешкі мектеп меншік нысанына қарамастан, білім беру кәсіпорындары мен ұйымдарында, түзеу мекемелерінде оқу-кеңес беру пункттерін, сыныптар, сырттай оқыту топтарын ашады.
Күндізгі жалпы білім беретін мектептер жанында оқу-кеңес беру пункттері, сырттай оқыту сыныптары мен жеке топтар, сондай-ақ күндізгі жалпы білім беретін мектептерде кешкі бөлімдер кемінде 50 білім алушы болған жағдайда ашылады;
Күндізгі, сырттай оқу нысандары бойынша оқу-кеңес беру пункттерінің білім беру процесін ұйымдастыру осы Қағидалар негізінде жүзеге асырылады.
20. Кешкі мектеп пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарды, түзете оқыту сыныптарын (топтарды) ашады.
21. Кешкі мектептің барлық деңгейіндегі сыныптардың толықтырылуы күндізгі оқыту нысаны бойынша  құрамында 20 білім алушы болған жағдайда бекітіледі:
Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда орыс  тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдерін және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.
Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдерін және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту кешкі оқытудың сырттай нысанына қарастырылмайды.

 

5. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕГЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ.

 


Коммуналдық мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
22. Оқуға қабылдау тәртібі қабылдаудың типтік қағидасы негізінде  жергілікті атқарушы органдармен бекітіліп қабылдау тәртібі белгіленіп мектеп аумағында тұратын барлық балалар қабылданады.
Кешкі мектепке 15 жасқа толған, төмендегі құжаттар негізінде оқуға тілек білдірген тұлғалар қабылданады:

  • ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші; 
  • жеке өтініші;
  • негізгі жалпы білім туралы куәлік;
  • соңғы оқу жылындағы үлгерім табелі;
  • білім беру ұйымының академиялық анықтамасы (аталған оқу орнында өтілген жалпы білім беретін пәндер бойынша сағаттар саны мен бағаларын міндетті көрсете отырып);
  • жеке куәлік немесе туу туралы кәулік;
  • жұмыс орнынан анықтама (жұмыс істейтіндер үшін);
  • медициналық анықтама, 086 нысаны;
  • мекенжайы туралы анықтама.

Ерекше жағдайларда, кешкі мектепке қалалық және аудандық Әкімдіктер жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешімімен жіберілген тұлғалар қабылданады
Кешкі мектепке қабылдау оқу жылы басталғанға дейін жүргізіледі және мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді.
Басқа білім беру ұйымдарынан келген тұлғалар оқу жылының барысында тиісті сыныптарға қабылданады (қорытынды және ағымдық бағалары ескеріле отырып).
Кешкі мектептегі білім алушылар контингенті жылына екі рет анықталады: әрбір жартыжылдық басында.

23. Оқушыларды оқудан шығару тәртібі:
Оқушыларды шығару директордың бұйрығы бойынша келесі негізде іске асырылады:
- ата-анасының (заңды өкілдерінің) тілегі бойынша басқа оқу орындарында  немесе оқудың басқа нысанында білімін жалғастыруға;
- мектеп Жарғысын бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін және заңға қайшы іс-әрекеттері үшін білім беруді басқару органдарының шешімі бойынша шығарылады;
- жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектептен шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен  қабылданады;

 

6. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ .

 

24. Мектепте оқу және тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін оқыту міндетті болып табылады. Шетел тілі ретінде ағылшын тілі оқытылады.  
25. Білім беру процесін ұйымдастыру Республикалық базистік жоспарға сәйкес жасалып, білім беру ұйымы бекіткен және Орал қалалық білім беру бөлімімен келісілген оқу жоспарына сәйкес құрылады.
26. Білім беру процесін екі сатылы білім берудің білім беру  бағдарламасы деңгейіне сәйкес жүзеге асырады:
ІІ саты: жалпы білім берудің негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі – 3 жыл. (12 жылдық білім беруге ауысқан кезде жалпы білім берудің негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл)
ІІІ саты: жалпы білім берудің орта (толық) жалпы білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі - 2 жыл.
27. Негізгі және орта (толық) жалпы білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгеру мектеп бітірушілердің міндетті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен қорытынды аттестациядан өтумен аяқталады.
28. Білім беру бағдарламаларын толық меңгерген оқушылар келесі сыныпқа көшіріледі. Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру, аттестациялау, мемлекеттік мекемені бітіру Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен нұсқаулықпен анықталады.
29. Оқу жылының басталуы және аяқталуы, оқу тоқсандарының, каникулдардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативтік құжаттарымен анықталады.
30. Оқу жылын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгілейді. Сабақ тәртібі мен ұзақтығы санитарлық бақылау органдарының талабымен белгіленеді.
31. Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нысаны сыныптық-сабақ нысаны.
32. Ережеге сай бекітілген оқу жүктемесі және оқушылармен тәрбиеленушілердің сабақ кестесі жасалады. Ол дайын мемлекеттік жалпы  білім беретін білім стандарты негізінде жүзеге асады, оны білім және денсаулық сақтау органдарының нұсқауымен, ережесімен, талабымен қадағаланады.
Денсаулық сақтау органы үнемі білім ошағындағы оқушылардың,    тәрбиеленушілердің денсаулығын қадағалайды, тиісінше медициналық  қызмет көрсетеді. Мемлекеттік мекемеде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше құрылуы тиіс.
Сабақ кестесін жасаған уақытта білім алушылар мен оқушының тамақ ішуіне,  демалуына арнайы үзілістер берілуі  қажет.
33. Әрбір сыныптағы пәндер бойынша жүргізілетін оқу-тәрбие процесі  Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған және  мемлекеттік стандартына сәйкес мұғалім жасаған оқу және күнтізбелік  тақырыптық жоспарлары негізінде қарастырылады.
34. Мемлекеттік мекеме оқушыларға жалпы білім беру бағдарламаларын не оның бөлек тарауларын отбасылық білім түрін, өздігінен білім алу не экстернат және  мүмкіндігі шектеулі балаларға оқытудың қашықтық нысаны арқылы  меңгеруіне көмек көрсетеді.
Денсаулық жағдайларына байланысты ұзақ уақыт негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектепке сабаққа қатыса алмаған жағдайда, үйге немесе стационарлық көмек көрсететін сондай-ақ, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымына  ақысыз жеке оқыту ұйымдастырылады.  
Мемлекет инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды білім берудің барлық деңгейінде олардың білім алуы, дамуындағы ақаулықтарды түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін арнайы жағдай туғызу.
35. Оқу жоспарының кейбір пәндерін оқыту Қазақстан Республикасының жалпы  білім беретін мекемелер туралы Ережесіне сәйкес сыныптарды топтарға бөліп жүзеге асырылады.
36. Мемлекеттік мекеме құжаттары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгі нұсқа бойынша жүргізіледі. Жалпы білім беру  мекемесінің есебі мемлекеттік статистика ұйымдарының талаптарына сәйкес  жүзеге асырылады.
37. Мемлекеттік мекеме жанынан тамақтанатын не тамақтанбайтын күндізгі лагермен, еңбек ету мен демалу лагерімен қамтамасыз етуге, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша педагогикалық және басқа да кадрлардан тұратын топтар ұйымдастыруға, осында келулері үшін қажетті материалдық- техникалық және тұрмыстық жағдай жасауға құқылы.
38. Ең біріншіден жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, әлеуметтік көмек алуға құқы бар отбасыларының, көп балалы, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының балаларының, экологиялық қолайсыз ауданда тұратын балалардың, мүгедек, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастырады.
39. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасөспірімдерді демалыс уақыты мезгілінде еңбекпен қамтамасыз етуге, олар үшін  жеңіл еңбек бойынша уақытша жұмыс орынын ұйымдастыруға құқылы.
40. Мемлекеттік мекеме директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы, мұғалімдер, аға тәлімгер, кітапханашы белгіленген тәртіпте тағайындалады.
41. Кешкі мектептің тәрбие жұмысы әлеуметтік жағдайы төмен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді оңалту, бейімдеу, әлеуметтендіру және тұлға ретінде дамытуға бағытталған, яғни оқушыларға тәрбие жүйесінің ықпалы, негізінен, оқушылардың бойындағы адамгершілік және құқықтық (девиантты) тәртібін түзетуге бағытталған.
42. Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің негізгі міндеті-түрлі себептермен күндізгі мектепте, колледждерде оқи алмаған, мысалы, педагогикалық бақылаусыз қалу, ауру себептері, оқуға деген ынтасының болмауы, отбасындағы ауыр тұрмыс жағдайы және т.б. байланысты келген «қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу болып табылады.
43. Кешкі мектептің ерекшеліктерінің бірі-«проблемалық (қиын)»: нашар оқитын және тәрбиелеуге қиын балалармен жұмыс. Олар жұмысқа қабілеттерінің төмен болуы, оқуға ынтасының болмауы мен тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.
44. Тәрбие жұмысының басым бағыттары:  
–Қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
– рухани – адамгершілік тәрбиесі;
– салауатты өмір салты;
– этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім тәрбиесі;
–кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
– кәмелетке толмағандар арасында экстремизмнің және лаңкестік алдын алу;
–кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, токсикомания, маскүнемдіктің, темекі тартудың алдын алу;
– жасөспірім қыздың тәрбиесі;
–оқушыларға кәсіби бағдар беру;
–ата-аналармен әлеуметтік әріптестік.
45. Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер кәсіпорындармен, колледждармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметін, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады. Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын мектептің Педагогикалық кеңесі белгілейді. Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

7.БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ЖҮЙЕСІ, ОЛАРДЫ ӨТКІЗУ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

 

46. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады;
47. I-ші және II-ші жартыжылдықта сапалы («сыналған»,«сыналмаған») және бес балдық (5-«үздік», 4-«жақсы», 3-«қанағаттанарлық»,                                     2-«қанағаттандырылмаған») жүйедегі білім бағасы арқылы оқушылар жіберіледі. Жылдың аяғында жылдық баға тұжырымдалады. Егер оқушылар және ата-аналары бұл бағамен келіспесе, мектеп педагогикалық кеңесінің комиссиясы арқылы емтихан тапсыруға мүмкіндік береді.
48. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.  
49. Жылдың оқу бағдарламасын толық меңгерген, әрі қорытынды бақылаудан сәтті өткен білім алушы келесі сыныпқа көшіріледі, әрі қорытынды аттестациядан сәтті өткендерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
50. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу және тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

8. АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН  ҰСЫНУ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

 

51. Білім беру ұйымдарының құзыреттілігіне  төмендегі міндеттер жатады:
Ұсынылған ақылы тауардың (жұмыс, қызмет) негізі Қазақстан Республикасындағы заңнамаларымен реттеледі;
Қосымша қаржы  көзі және заттай материал мектеп жарғысы негізінде қызметте жүйеленеді, әрі белгіленген Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.

 

 

9.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ АТА-АНАЛАРМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРМЕН ҚАТЫНАСЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ РЕГЛАМЕНТТЕУ ТӘРТІБІ

 

52. Ата-аналар және оқушылар Жарғымен таныстырылады. Балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері мен мемлекеттік мекемесінің арасындағы қарым – қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асырып реттеледі.  

 

10. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ БАСҚАРУ.

 

53. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.
54. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
11) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;
12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды);
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
55. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
56. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті                     органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
57. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
58. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
12) жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға жауапкершілік алады.   

 

 

11.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ МҮЛКІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ

 

59. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
60. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
61.Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
62. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
63. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
64. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

 

12.БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН  МІНДЕТТЕРІ.  

 

65. Білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім заңы», «Еңбек кодексі», Жарғы және басқа да нормативті актілермен анықталады.
66. Кәсіпорынның құқығы бар:
- Мамандарды іріктеуге және орналастыруды жүзеге асыруға, өз бетінше қызметін жоспарлауға, оқу-әдістеме базасын құруға;
- Өз құрамында құрылымдық бөлімшелері ретінде мектептік және қосымша білім беру мекеме жүйесін, әсіресе меншік иесінің үлгісіне бағынбайтын оқу-кеңес беру бөлімшелері (ОКБ), сыныптар, кәсіпорындағы топтар, соның ішінде Өкілетті ұйым арқылы анықтап бекітілетін тәртіп мекемелерін сақтауға;
- Оқушыларға жалпы білім беру бағдарламасын игеруге көмек беруге немесе бөлек бөлімдерін экстернат арқылы (келісім-шарт негізінде) меңгеруіне көмек көрсетуге;
-Арнайы курстар мен факультативтер енгізуге,сонымен қатар жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сынып ашуға жағдай жасауға;
-Өкілетті ұйым жәрдемі арқылы күндізгі, кешкі, іштей-сырттай, жеке және экстерн оқу үлгісінде жастарға оқу үлгісін ұйымдастыруға;
- Материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында Кәсіпорын келісім шарт негізінде ақылы білім беру қызметін белгілі Мемлекеттік тапсырыспен және бюджет қаржыландырған кепілмен өткізуге.
67. Кәсіпорын міндеттері:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім беру үрдісін жоғары және ғылыми- әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
-білім беру үрдісіне қатысушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне  байланысты оқу мен тәрбие жұмыстарын мемлекеттік және орыс тілінде жүргізуді қамтамасыз етуге;
- білім алушыларға кәсіпорынның оқу-материалдық базасын пайдалануды ұсынуға;
- оқу процесінде оқу курсы бағдарламасын меңгерген, емтиханды және сынақты тапсырған, мектеп бітірудегі курстық жұмыс түрлерін орындаған білім алушыларға білім туралы құжатты белгіленген үлгіде беруге;
68. Кәсіпорын белгіленген тәртіппен Өкілетті ұйым алдында жұмыс туралы есеп береді, қаржылық және статистикалық есеп жүргізеді, қазақ және орыс тілінде іс жүргізеді, мұрағат, статистикалық және басқа мәліметтерді лайықты ұйымдарға қолданыстағы заң шығарушылық негізінде ұсынады.
69. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқығы бар:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
- білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;
- оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
-өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
- білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
- қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына ауысуға;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендерімен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
- спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
- өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
- өзінінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
- оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермелеуге және сыйақы алуға құқығы бар.
70. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
Жалпы білім беретін оқу орнындағы Жарғыны және ішкі ережені  тәртіпті орындауға;
-Адал оқуға және мекеме мүлкіне ұқыпты қарауға, өз денсаулығын нығайтуға жұмыс жасауға;
-Мектепте білім алатындардың, қызметкерлердің және ата-аналардың қадір-қасиеті мен абыройын сыйлауға;
-Техника қауіпсіздігі ережесін білу және сабақта, көшеде, жол ережесін, өрт қауіпсіздігін сақтауға;
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнында дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім ұйымың бекіткен формасын киюі, сақтауы міндетті. Міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасы  классикалық стильде, бірыңғай қою көк түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі
Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және Жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
71. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары:
- баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
- ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
- білім беру ұйымдарының өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
- өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
- балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
72. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
- балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
- білім беру ұйымының Жарғысымен белгіленген ережені орындауға;
- балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті.
-Балалардың, мұғалімдердің, мектеп қызметкерлерінің, басқа ата-аналардың құқығын сақтауға.
- Балаларды оқулықпен және жазу құралдарымен қамтамасыз етуге.
- Үйде баланың сабақ оқуына жағдай жасауға.
- Мектепке сынып жетекшінің, мектеп басшысының шақыруымен белгіленген уақытында келуге.
- Балаларының мектепке, мұғалімдерге, оқушыларға, сонымен бірге өзге адамдарға келтірген материалдық шығындарын қайтаруға.
73. Педагог қызметкердің:
- кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
- ғылыми – зерттеу, тәжірибелік – эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу;
- жеке педагогтік қызметке;
- тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
- білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға:
- ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
- санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға,
- педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;
- өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір – қасиетінің қорғалуына;
- әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
- ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтіл сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
- білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.
74. Педагог қызметкердің міндеті:
- ҚР-ның заңын сыйлауға;
- Мектеп Жарғысы талабын орындауға, ішкі тәртіп ережесін, еңбек келісімін (шарт) мінездемеге сәйкес, мектеп дәстүрін сақтауға және нығайтуға;
- өзінің кәсіптік құзіреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
- білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
- білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
- өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
- бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
- педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
-оқушылардың, тәрбиленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Міндеттері мен педагогтік әдептік нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 

13. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕДЕГІ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

 

75. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

14.ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ.

 

76. Мектеп Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесімен дайындалады және құрылтайшысымен бекітіледі.
77. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар белгіленген тәртіпте әділет органдарына тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

 

15.КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ.

 

78. Коммуналдық мемлекеттік мекеме, қолданыстағы заңнамада бекітілген тәртіппен, басқа білім мекемесіне қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін.

79. Коммуналдық Мемлекеттік мекемені қайта құру кезінде оның Жарғысы, мемлекеттік тіркелгендігі туралы лицензиясы мен куәлігі күшін жояды. Мемлекеттік мекеменің барлық құжаттары (басқару, қаржы – шаруашылық және басқа) бекітілген тәртіппен құқықты иеленуші ұйымға, ал ол жоқ болған жағдайда қалалық мұрағатқа мемлекет сақтауына тапсырылады.       
80. Коммуналдық Мемлекеттік мекемені тарату лицензиясыз немесе заңмен тыйым салынған жағдайда қызмет жүзеге асырылғанда немесе оның жарғылық мақсатының сәйкессіздігі жағдайда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
81. Коммуналдық Мемлекеттік мекемені тарату барысында білім алушылардың оқу жылын басқа білім беру ұйымдарында аяқтауы үшін тиісті шаралар қабылданады.
82. Коммуналдық Мемлекеттік мекемені тарату барысында оның меншігіндегі ақшалай қорлар мен мүліктер, міндеттерді жабу бойынша төлемдерді ұстаудан басқасын, мектеп Жарғысына сай меншік иесі анықтайды. Құжаттар бекітілген тәртіппен  мұрағатқа тапсырылады.